Қоғам

Мұғалімдер мен оқушылар арнайы тарифке қанша төлейтіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевСистема "Кунделик", иллюстративное фото
Система Кунделик, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады

АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдерге арналған "Білім" арнайы тарифі іске қосылады. Тариф бойынша айына абоненттік төлем құны – 990 теңге. Ел азаматтары оны тамыз айының екінші жартысынан бастап пайдалана алады, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкееваның айтуынша, тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізеді.

"Мұғалім" немесе "оқушының" қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталып жатыр. Мұғалімдер мен оқушылардың тізімі берілуі мүмкін", - дейді Гүлнәр Бөкеева.

Тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта министрлік 380 ресурсты қолдап отыр. Сонымен қатар байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт ұсынады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді 

Айта кетейік, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталатынын айтты.

Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Ал бастауыш сыныптары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Бұл жағдайда балалар тек бір кабинетте және бір мұғаліммен ғана оқиды. Үзілістер әртүрлі уақытта болады. Ал сыныптағы балалардың саны 15 адамнан аспайды. Кезекші топтарға өтініштер электронды түрде қабылданады.

Жаңалықтар
0