00:57 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (639)
902 0 0

Алматы және Қарағанды облыстарында карантинді жеңілдету шешімі қабылданды, ал Ақмола облысында туристік нысандардың аймағындағы жағажайларда суға түсуге рұқсат беріліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты бірқатар облыста карантиндік шараларды жеңілдетуге шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысында құрылыс материалдары мен көліктің қосалқы бөлшектерін сататын базарларды ашуға рұқсат берілді. Бірақ ғимараттың ішінде орналасқан базарлар әзірше жабық болады. Бұдан бөлек, облыстағы елді мекендердің ішінде қоғамдық көлікпен адам тасымалдауға рұқсат бар.

Ал Қарағанды облысында жабық мұз айдыны бар спорт кешендерінде жаттығуларды өткізуге болады. Соның ішінде хоккей, мәнерлер сырғанау және тағы басқа спорт түрлері бар.

Оқи отырыңыз: Автобустарда маскасыз отырған жолаушыларды анықтайтын жоба іске қосылды

Ақмола облысында туристік нысандардың аймағында орналасқан жағажайларда суға түсуге рұқсат берілді. Бүгінде Бурабай мен Зерендіде халық көлге түсе бастады. Бірақ санитарлық нормалар қатаң сақталуы шарт. Жағажайдың жалпы ауданын адам санына бөлгенде, әрбір демалушыға 4 шаршы метрден келуі керек. Адамдардың арасындағы арақашықтық та сақталуы қажет.

Әзірше, курорттық аймаққа тек жолдамасы бар адамдарды ғана кіргізеді. Ал жағажайға кірердің алдында дене қызуын тексеріп тұрады. Шезлонгтар мен орындықтарды бір-бірінен алшақ қояды. Дезинфекциялық шаралар үнемі жасалуы шарт.

Осы аптаның басында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікті шығаруға рұқсат етілген еді. 

Вирустың таралу қаупі төмен аймақтар

4 тамызда өткен үкімет отырысында бір аптаның ішінде бірқатар облыста инфекцияның репродуктивті көрсеткіші, яғни, вирустың бір адамнан таралу деңгейі 1-ден төмен түскені жайында айтылған болатын. Олар: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан мен Павлодар облыстары, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Алматы қалалары.

Ал инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден жоғары өңірлердің қатарында Қостанай мен Ақмола облыстары болған. Осы орайда үкімет басшысы Асқар Мамин осы өңірлерде жағдай күрделі екенін айтып, әкімдерге эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге тапсырма берді. 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (639)
Кілт сөздер:
карантин
Загрузка...

Басты тақырып