Қоғам

Covid-19: Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған науқастардың 76%-і жазылып шықты

© AFP 2024 / AIZAR RALDESМедик на приеме измеряет температуру и давление у пациентки
Медик на приеме измеряет температуру и давление у пациентки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақтияр Мәкен DamuMed қосымшасы мониторингін тұрақты негізде жүргізіп, сапалы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 76%-і сауығып шықты. Әкімдік сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12 530 науқастың ішінде 9 629 адам ауруынан айықты.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен медицина ұйымдары басшыларымен кеңес өткізіп, онда карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде емханалардағы эпидемиологиялық ахуал жақсарып, пневмониямен сырқаттанушылық төмендегені байқалатыны айтылды.

Осылайша, Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратын науқастар саны бес есе төмендеген.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 шілдеден бастап стационарларда емделіп жатқан науқастар саны 4,4 есе азайды. Ал науқастарға арналған төсек-орын қорының жүктемесі 90%-тен 25%-ке дейін қысқарды.

"Коронавирус инфекциясы расталып ауруханаға жатқызылғандар саны 4,3 есе азайды. Жедел жәрдем шақыру саны 3 мыңнан мыңға дейін төмендегені байқалады", - делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен медицина мекемелерінің басшыларына азаматтар тарапынан шағымдар тудырған науқастарға арналған электронды медициналық сервис – DamuMed қосымшасы мониторингін тұрақты негізде жүргізіп, сапалы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 96 922 адамға жетті. 70 680 адам жазылып шығып, 1 189 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0