23:50 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
314 0 0

"Алматы жастары 3.0" бағдарламасына 13 миллиард теңге бөлінсе, оның 10 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен, ал үш миллиард теңгесі банктен бөлінген

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері Алматыда 343 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде "Алматы жастары 3.0" қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 188 адамға кредит берілді. "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы 155 адам үйлі болды. Бұл жайында Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайдельдаев брифинге хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, 2020 жылы қала бойынша үш мыңға жуық үй таратылу көзделіп отыр.

"Алматы жастары 3.0" бағдарламасы бойынша сегіз мыңға жуық өтініш тапсырылды. 3 мың өтініш бірінші кезеңде, 5 мың өтініш құжат қабылдаудың екінші кезеңінде түсті. Банкке бір жарым мыңға жуық адам жолдама алды, қазір 500 адамның құжаты банкте қарастырылып жатыр. Соның ішінде 188 адам үй сатып алды", - деді Сайдельдаев.

Оның ішінде білім беру саласы бойынша 82 адам, денсаулық сақтау саласының 57 маманы, жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу институттарының 23 адамы және бұқаралық ақпарат құралы саласынан 11 адам, 12 мәдениет қызметкері мен екі әлеуметтік сала маманы және бір адам спорт саласы бойынша үйлі болды.

Екі бағдарлама арқылы 343 отбасы баспаналы болды

"Бақытты отбасы" бағдарламасына 1 696 адам өтінім берген. Алматы қаласына 3,7 миллиард теңге сомасына 376 қарыз бөлінді. Оның ішінде 188 көпбалалы отбасы, 188 толық емес отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар бар.

Ал "Алматы жастары 3.0" бағдарламасына 13 миллиард теңге бөлінсе, оның 10 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен, ал үш миллиард теңгесі банктен бөлініп отыр.

Қандай қателік жиі қайталанады?

Сонымен қатар спикер "Алматы жастары 3.0" бағдарламасына қатысушылардың жиі жіберген қатесін атады. Айтуынша, көпшілігі сала таңдау бойынша қателікке бой алдырған.

"Тізім бойынша ең бірінші денсаулық сақтау саласы тұрады. Соған көпшілік назар аудармай, басқа саланы таңдалып кетеді. Құжаттарында басқа сала, бірақ өтінім беруші басқа саланы таңдаған. Біз мемлекеттік мекеме болғандықтан оны өзгерте алмаймыз. Себебі, адам өз таңдауын жасағанда әбден тексеруі тиіс", - дейді Сайдельдаев.

Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру жиынында жастарға баспана алуға арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленгенін айтқан болатын.

Бағдарлама бойынша 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі. Ал кредитті қайтару мерзімі – 3 жылдан 25 жылға дейін, ол төлем қабілеттігі бойынша жеке есептеледі. Бастапқы жарна – 10%.

Тақырып бойынша

Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
Загрузка...

Басты тақырып