Қоғам

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты

© Sputnik / Владислав ВодневВрач работает в отделении интенсивной терапии в больнице с коронавируом в Нур-Султане
Врач работает в отделении интенсивной терапии в больнице с коронавируом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасында жатқан 5 және 15 жастағы баладан Кавасаки ауруына ұқсас белгілер анықталды, деп хабарлайды "Диапазон" Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Облыстық балалар ауруханасында жатқан екі балада мультисистемалық қабыну синдромы расталды. 5 және 15 жастағы балалар ауыр жағдайда қабылданған болатын. Қазір олар палатаға ауыстырылды, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даняров.

Оның айтуынша, 5 балада Кавасаки синдромы болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен. Бұл диагноз үшеуінде расталмады.

"Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар жөніндегі бас маман Мейрамбек Құрмангазин.

Оқи отырыңыз: Қытайда соңы өлімге соқтыратын жаңа вирус тарала бастады

Сондай-ақ, ол COVID-19 індетінің алғашқы белгілері сезіле бастағанда-ақ дәрігер кеңесіне жүгіну керектігін айтады.

Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зардап шегеді.

Ал осыған ұқсас жағдайлар алғаш рет мамыр айында Еуропа елдерінде тіркелді. Неміс бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда Deutsche Welle басылымы ол туралы жазды.

Маусым айында екі жасар қыз Мәскеуде Кавасаки тәрізді синдромның құрбаны болды, деп хабарлады РИА Новости

Шілде айында америкалық Wall Street Journal АҚШ-та тестілеу нәтижесінде балалардың коронавирус жұқтырған жағдайлары анықталып жатқанын мәлімдеді. Кейбір балаларда COVID-19 жұқтырғаннан кейін денеде қабыну процесі басталады.

Балалардағы синдром белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді.

Жаңалықтар
0