16:17 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (57)
377 0 0

Президент гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде "Абайтану" курсын оқыту мәселесін қолға алу керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай – рухани реформатор" атты мақаласында "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясын әзілеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттің айтуынша, қазір елімізде абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Алдағы уақытта олардың жұмысын жүйелеп, астанадағы Абай академиясының төңірегінде топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады.

"Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде "Абайтану" курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың "толық адам" ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс", - деп жазды Тоқаев.

Мемлекет басшысы ХІХ ғасырда өмір сүрген Абайды ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге таныту қажеттігін де жеткізді.

"Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс! ", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Биыл 10 тамыз елімізде алғаш рет Абай күні аталып өтіп жатыр. Бұл дата үкімет қаулысымен мерекелік күндердің тізбесіне ресми түрде енгізілді.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (57)
Кілт сөздер:
Абай Құнанбайұлы, Абайдың 175 жылдығы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып