12:59 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (638)
4108402

Операторлар электронды әмиянның карантинге байланысты табысын жоғалтқан азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар 42 500 теңге төлемді электронды әмиянға ала алады. Бұл жайында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көрсетілген.

Әлеуметтік көмек төлеудің бекітілген ережесінде "электронды ақша жүйесінің операторы" ұғымы жазылған.

Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сонымен қатар ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады

Осылайша, шектеу шаралары салдарынан табысынан айырылған қазақстандықтар өздерінің электронды әмиянына 42 500 теңге көлемінде көмек алады.

Электронды ақша жүйесінің операторлары қаражат түсетін электронды әмиянның расымен де карантинге байланысты табысын жоғалтқан азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті.

"Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электронды ақша жүйесінің операторына өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), әмиянның сәйкестендіру кодын, ұялы телефон нөмірін (бар болса), сондай-ақ электрондық ақша жүйесі операторының атауын қамтитын деректерді жібереді", - делінген бұйрық мәтінінде.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан аумағында карантиннің екі аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан бір реттік төлем алушыларға ең төменгі жалақының жартысы мөлшерінде қосымша 21 250 теңге берілетіні хабарланған болатын.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан бір реттік төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша төлем автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (638)

Тақырып бойынша

Шілдеге берілетін 42 500 теңге: әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады
42 500 теңге: министрлік шілде айындағы төлемге қатысты ақпарат жариялады
Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады
Үкімет тамыз айына 42 500 теңге қалай төленетінін түсіндірді
42 500 теңге: 2,1 миллионнан астам қазақстандық ақша алды
Кілт сөздер:
әлеуметтік көмек, әлеуметтік төлем
Загрузка...

Басты тақырып