12:36 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12463 0 0

Министрліктің ресми өкілі жыл басынан бері коронавирусқа шалдыққан балалардың санын да айтты. 114 бүлдіршін ауруханада ем алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда Кавасаки синдромына шалдыққан үш бала тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл басынан бері елімізде Кавасаки синдромына шалдығудың үш жағдайы тіркелген. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Петропавл қаласында. Балалардың жағдайы әртүрлі. Мәселен, жақында мен елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысымен сөйлестім. Оның сөзіне қарағанда, астанадағы баланың жағдайы тұрақты. Бірақ бұл - өте ауыр синдром", - деп атап көрсетті Қожахмет. 

Министрліктің ресми өкілі жыл басынан бері коронавирусқа шалдыққан балалардың санын да жариялады. 

"13 наурызда бізде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Содан бері 2 257 бала коронавирустық инфекцияға шалдықты. Осы балалардың ішінде дәл қазір 114 бүлдіршін ауруханада ем алып жатыр", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Коронавирус инфекциясы ересектерде тромбоэмболия тудыруы мүмкін, ал балаларда Кавасаки синдромын өршітеді. Ауру дене қызуын көтеріп, әлсіздік пен аяқ-қолда аллергия сияқты бөртпе пайда болады. Жүрек соғысы да жиілей түседі.

Бұған дейін Италия, Ұлыбритания және АҚШ-та коронавирус инфекциясы бар балаларда осындай асқынулар тіркелген болатын. Мұндай жағдайда балалардың орта және кіші артериялары зақымдалады.

Синдром белгілері: аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу.

 

Тақырып бойынша

COVID-19: денсаулық министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті
Алматыда әбден ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Балалар коронавирустың жеңіл түріне шалдығатыны рас па – дәрігер жауап берді
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Кілт сөздер:
коронавирус, бала
Загрузка...

Басты тақырып