Қоғам

Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестеге жиі қойылған есімдер жарияланды

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы алты ай ішінде астанада дүние есігін ашқан 14 123 нәрестенің ішінде 93 егіз және 3 үшем сәбилер бар

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық статистика департаменті нәрестелер арасында ең танымал есімдерді атады. Жиі қойылған есімдерді елорда әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың соңғы алты айында 14 123 бала дүниеге келді. Оның ішінде 93 егіз және үш үшем бар. Күн сайын елордада 60-110 бала дүниеге келеді.

Жиі кездесетін ұл бала есімдері

Елордада дүниеге келген 97 балаға Рамазан есімі берілді, 95 балаға Әмір аты қойылса, 87 Әлихан, 73 Алан және Әли есімі берілген 72 бала тіркелді.

"Статистикалық мәліметтер Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайтадан танымал бола бастағанын көрсетеді", -делінген хабарламада.

Жаңа туған ер балалар арасында Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби секілді ерекше есімдер де кездеседі.

Қыздарға жиі қойылған есімдер

Дүниеге келген қыз балалар арасында Медина есім көш бастап тұр. 150 ата-ана нәрестеге Медина деп ат қойды. Екінші орында Айлин (149) есімі тұр. Сондай-ақ, 114 Аяла, 113 Айша, 105 Амина дүниеге келді.

Қыздар арасында Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина деген ерекше есімдер кездеседі.

Оқи отырыңыз: "Алты айлық нәресте бар": үш облыста коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды

Жаңалықтар
0