00:09 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
695 0 0

Жандарбек Бекшин сағат кешкі оннан кейін дәмхана мен мейрамханаға келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтынын айтты

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис депутаттары және кәсіпкерлерімен онлайн-кездесуде дәмханалар мен мейрамханалардың неге кешкі онда жабылатынын түсіндірді.

"Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары алматылық кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен осы мәселені талқылады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Мейрамхана желілері қауымдастығының өкілдері қаланың бас санитар дәрігерінен дәмханаларды кешкі сағат онда жабу талабы неге негізделгенін сұрады. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, "әдетте осы уақыттан кейін келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтауды тоқтатады". 

Ал Азат Перуашев "біреудің жеке тұжырымының негізінде экономиканы құлдыратып, мыңдаған адамды табысынан айыруға болмайды" деп санайды.

"Сағат кешкі оннан кейін келушілер арақашықтықты сақтауды тоқтататыны қандай зерттеумен дәлелденген? Бар болса, көрсетіңіздерші. Әлде бұл сіздің әріптестеріңіздің жеке пікірі ме?", - деп сұрады Перуашев.

Депутат бұл мәлімдемені ғылыми немесе статистикалық тұрғыдан негіздеуді сұрады.

"Әйтпесе бұл шаралардың жұмыс істеп жатқан бизнесті жоюдан басқа мағынасы жоқ", - деді Перуашев.

Сондай-ақ,кәсіпкерлер азық-түлік сатпайтын дүкендерге сағат 17.00-ден кейін жұмыс істеуге тыйым салынғанын айтып шағымданды.

"Адамдар сағат 17.00-де жұмыстан шығады, сол кезде сатып алушылар ағыны пайда бола бастайды. Ал сіздер бізді ол уақытта жауып тастайсыздар. Не үшін? Дүкен ішінде ешкім тамақтанбайды, билемейді, құшақтаспайды. Біз сағат 22.00-ге дейін рұқсат беруді сұрап отырған жоқпыз, сағат 20.00-ге дейін жеткілікті", - дейді алматылық кәсіпкерлер.

Перуашевтің айтуынша, кейбір мемлекеттік органға жұмысты дұрыс ұйымдастырудан, бизнесті үйлестіріп, реттеуден гөрі тыйым салу оңай болып отыр.

"Жаңа жағдайда, тіпті карантиннен кейін де эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сонымен қатар экономиканы бұзбай, бизнесті жоймай жұмыс істеуді үйренетін уақыт келді", - деді Перуашев.

Қорытындылай келе депутат бизнеске тыйым салу адамның тыныс алуына тыйым салумен тең екенін атапөтті.

Тақырып бойынша

Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды
Министр вирустың таралу көрсеткішіне қатысты жағдайды баяндады
Коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты
Бас банкир теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді
БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды
Кілт сөздер:
бизнес, карантин, Азат Перуашев
Загрузка...

Басты тақырып