12:53 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
18362 0 0

Қазіргі уақытта тәртіпті бұзғандардың кім екені анықталып жатыр, олар әкімшілік заңнама бойынша жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзған ғашықтарды іздестіріп жатыр. Олар тапа-тал түсте халықтың көзінше ұятсыз әрекет жасаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде Бурабай курортық аймағында түсірілген видео тарап кетті. Онда таудың төбесіне мінген екі адам көрінеді. Екеуі жыныстық қатынасқа түсіп жатқанға ұқсайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от A98 / Новости Астаны (@astanovka98)

Ақмола облысының полицейлері "эскстремалдарды" іздестіруге кірісті. Департаменттің ресми өкілі Гүлнәр Пинчуктің айтуынша, құқық қорғаушылар желіде тарап кеткен видеоны зерделеп шықты.

"Қазіргі кезде осы адамдардың аты-жөні анықталып жатыр. Кім екені анықталса, оларды әкімшілік заңнама бойынша жауапқа тарту мәселесі қаралатын болады", - дейді Пинчук.

Тура сондай жағдай Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында болған. Қос ғашық суға жүгіріп барып, соның ішінде сезімге ерік берген. Жағада жатқан демалушылар соның бәрін видеоға түсіріп алды.

Полицейлер оларды да іздестіруге кірісті. Тәртіп бұзғандар анықталса, 50 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Кілт сөздер:
видео, Бурабай
Загрузка...

Басты тақырып