Қоғам

Министр Цой бас санитар дәрігердің сөйлеген сөзіне ашуланды – видео

© Photo : СЦКАлексей Цой
Алексей Цой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерғали Сыдыманов бір күн бұрын ғана Алматы облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалды. Соған қарамастан оның айтқан сөзіне қатысты қызметтік тексеріс басталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

"Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Талдықорған базарының кәсіпкерлерімен кездесу кезінде Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов қала тұрғындарына өте дөрекі сөйлеп жатқаны туралы видеоны көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардың ашулануы орынды және мемлекеттік қызметкер мұндай мінез көрсетпеуі керек деп санайды", - деп жазды Қожахметов Facebook-тегі парақшасында.

"Неге өтірік айтасың?": желіде қазақстандық әкімнің видеосы қызу талқыланып жатыр

Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тергеуді бастауды тапсырды. Оның нәтижесі туралы халыққа хабарланады.

Сыдыманов кәсіпкерлерге не деді

Видеода облыстық бас санитар кәсіпкерлердің бірімен әңгімелесу барысында сауда үйлерін, азық-түлік емес базарлар мен автобөлшектер сататын дүкендерді ашу туралы өтінішке дөрекі жауап берген.

"Мен саған қызмет етпеймін. Бала-шағаны асырау керек, кредит бар екенін түсінемін. Болды, басымды қатырмаңдар. Сен неге түсіріп тұрсың, содан кейін осындайлардың кесірінен бәрі басталады", - дейді Сыдыманов.

Шенеуніктің сөйлеген сөзі адамдардың наразылығын тудырды.

Жаңалықтар
0