Қоғам

Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМодульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
Модульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тамыздың басынан бері Covid-19-ға теріс нәтиже көрсеткен 16 666 адамнан вирустық пневмония анықталды

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 21 адам қайтыс болды, ал Covid-19-дан пайда болған пневмониядан 10 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Тамыздың басынан бері ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустан туындаған пневмониямен ауыратын 16 666 науқас тіркелді. Оның ішінде 198 науқас қайтыс болды.

13 наурыздан 14 тамызға дейін 101 848 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 1 356 адам қайтыс болды. 78 633 адам сауығып шықты.

Ведомство қазір коронавирус инфекциясынан 21 859 адамның емделіп жатқанын, оның ішінде 104 бала бар екенін хабарлады. 3 738 науқас стационарларда емделіп жатыр, 18 121 адам амбулаториялық деңгейде ем алуда.

Оқи отырыңыз: Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео

420 адамның жағдайы ауыр, 103 науқас аса ауыр дәрежеде жатыр, 80 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды. Оның ішінде 184 адамда аурудың клиникалық белгілері жоқ.

Жаңалықтар
0