12:16 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7601

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев танымал музыкалық продюсер Арман Дәулетияровпен кездесіп, оған президенттің грамотасын табыстады

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Муз-ТВ" бас директоры Арман Дәулетияровқа Қазақстан мен Ресей әріптестігін нығайтуға атсалысқаны үшін алғысын білдірді. Грамота Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде президенттің атынан табысталды.

"Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев танымал музыкалық продюсермен кездесті. Дипломатиялық миссия басшысы ресейлік "Муз-ТВ" телеарнасын 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Құрмет" гармотасын табыстады",- деп хабарлады елшілік Facebook-тегі парақшасында.

Арнаның директоры Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық әріптестікті дамытуға, нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталып отыр.

Өз кезегінде Арман Дәулетияров ел басшылығына алғысын білдіріп, қазақстандықтарға денсаулық пен амандық тіледі.

2010 жылы Арман Дәулетияров Елбасы жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталса, 2017 жылы оған ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

2015 жылы "Муз-ТВ" 13-ші дәстүрлі ұлттық премиясы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) өтті. Салтанатты іс-шара алғаш рет Ресейден тыс жерде ұйымдастырылды. Премияның "Өмірге қосқан үлесі үшін" номинациясы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталған еді.  

Загрузка...

Басты тақырып