Қоғам

Шетелден ұшып келетін адамдарға қандай талаптар қойылады – бас санитар дәрігер түсіндірді

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоПассажиры в масках на борту самолета
Пассажиры в масках на борту самолета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есмағамбетованың айтуынша, шет мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы Қазақстанмен бірдей болса, жолаушыдан ПТР-тест анықтамасы міндетті түрде сұралады

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова шетелден ұшып келетін адамдарға қойылатын талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде қоғамдық денсаулық сақтау ұлтық орталығы бар. Осы мекеме Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды ғана емес, әуе қатынасы қайта жанданған мемлекеттердің де жағдайын зерделеп отырады. Егер шет мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдай жақсы болса, онда ол елден келетін жолаушылар үшін ешқандай шектеулер жоқ", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал шет мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы Қазақстанмен бірдей болса, міндетті түрде ПТР-тесттің анықтамасы болуы қажет. Осы құжаттың мерзімі бес күннен аспауы тиіс.

"Егер ПТР-тесттің анықтамасы болмаса, онда жолаушының жеке мәліметтері арнайы ұялы қосымшаға енгізіледі. Содан соң ол адам екі күнің ішінде ПТР-тест тапсырамын деген қолхат жазып беруі керек немесе 14 күн үйде карантинде отырып шығуы тиіс. Екеуінің біреуін таңдайды. ПТР-тестті тапсырамын десе, оның бәрі ұялы қосымша арқылы бақыланады", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Оқи отырыңыз: "Жеке пікірі ме?": Перуашев кімдердің жұмысына көңілі толмай отырғанын айтты

Жаңалықтар
0