12:20 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1516)
261 0 0

Басқарма басшысының айтуынша, қазір күніне 60-тан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Ал бір ай бұрын тәулігіне 417 науқас келіп түсіп отырған

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Алматыда ауыр және өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен әрбір екінші адам бұған дейін өз бетінше емделген науқастар. Бұл жайында қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осылайша, ауруханадағы науқастардың 55%-і өз бетінше ем қабылдап қана қоймай, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбегені анықталып отыр.

"Науқастардың бұл санаты ауруханаға ауыр және өте ауыр жағдайда қабылданады. Соған сәйкес, олардың қалпына келу мүмкіндігі төмендейді. Яғни, осы санаттағы науқастардың 80%-і стационарға ауыр жағдайда түсетіндіктен, дәрігерлер оларды дереу жасанды тыныс алу аппараттарына қосады", - деді Қамалжан Надыров.

Айтуынша, медициналық көмекке кеш жүгіну аурудың ауырлығы мен ұзақтығына да тікелей әсер етеді. Сол себепті аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде емханаға немесе бірыңғай байланыс орталықтарының мамандарына хабарласу қажет.

Сонымен қатар қазір қала бойынша науқастарға арналған 5 781 төсек-орын бар. Ал стационарлардағы науқастар жүктемесі 19%-тен аспайды. Қазір ауруханаға күніне 60-тан астам науқас ауруханаға жатқызылады. Ал бір ай бұрын тәулігіне 417 науқас келіп түсіп отырған.

Жаңа аурухана қалай жұмыс істейді

"Резервтік төсек-орын сыйымдылығын арттыруды жалғастырамыз. Жаңа модульдік аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл 300 төсек-орынға арналған екінші модульдік инфекциялық аурухана, оның ішінде 30 реанимациялық бөлім болады", - деді Надыров.

Айтуынша, аурухананы медициналық жабдықпен және қажетті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл стационар бірінші эшелонның толыққанды клиникасы ретінде жұмыс істейтін болады.

Оқи отырыңыз: Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады

Айта кетейік, Алматыда пандемия басталғалы бері 13 742 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, кейінгі 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеді. Шілденің соңында күніне 271 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, қазір тәулігіне 40 жағдай тіркеледі.

Қала бойынша 9 306 адам сауығып шықты, бұл инфекция жұқтырған жағдайдың 68%-ін құрайды. Алматыда коронавирустан 195 адам қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1516)

Тақырып бойынша

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Науқас коронавирустан жазылғанын қалай біле алады
Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Кілт сөздер:
коронавирус, Алматы, емделу
Загрузка...

Басты тақырып