00:15 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1674220

Биыл еліміздің барлық өңірінде 53 мың студент жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен білім ала алады

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.  

Биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + медицина мамандығына 2700) қазақстандық талапкер бакалавриат деңгейінде мемлекет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды.

2020-2021 оқу жылында "Ақпараттық технологиялар" мамандығына ең көп грант бөлінді – 2 468. Бүгінгі таңда болашақ IT мамандары еліміздің 49 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.

Магистратураға 13 300 грант, докторантураға 2 355 білім гранты бөлінді.

2020 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімін мына жерден тікелей жүктеуге болады. 

Күндізгі толық оқу

Жетім балалар арасындағы грант иегерлерінің тізімі

Мүгедектерге бөлінген гранттар

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға бөлінген гранттар

Қазақстан азаматы болып табылмайтын қазақтарға бөлінген гранттар

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" бағдарламасы бойынша гранттар 

Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқуға арналған гранттар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне бөлінген гранттар

IT Astana-да оқуға арналған гранттар

Кілт сөздер:
білім гранттары-2020
Загрузка...

Басты тақырып