Қоғам

Қазақстанда "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневМногоквартирный жилой комплекс в столице
Многоквартирный жилой комплекс в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Шаңырақ" жобасы – "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты. Оған 1986-2010 жылдары әкімдіктерде баспанаға мұқтаж азамат ретінде тіркелген қазақстандықтар қатыса алады

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтарға жеке баспана сатып алу үшін тиімді несие беру үшін әзірленген "5-10-20" бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл жаңалықты "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" хабарлады.

Банктің хабарлауынша, 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейін әкімдіктерде баспанаға мұқтаж азамат ретінде тіркелген қазақстандықтар бағдарлама бойынша жеңілдікпен несие алуға өтініш бере алады.

"Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, егер банктің "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша несиелендіруге қаражаты болса, екінші кезеңге көрсетілген жылдардан кейінгі жылдары тіркелген жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар қатысуға шақырылуы мүмкін", - делінген ресми хабарламада.

Үміткерлер отбасының әр мүшесі үшін кейінгі алты айдағы отбасының кірісі туралы ақпаратты ұсынуы керек. Айта кетейік, отбасы мүшелеріне шаққандағы кіріс мөлшері 2020 жылы 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Баспананы қайдан сатып алуға болады

Бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек бастапқы нарықтан сатып алуға болады. Бұған "5-10-20" бағдарламасы бойынша салынып жатқан баспана және жеке құрылысшылардың пәтерлері кіреді.

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімі hcsbk.kz сайтында жарияланды.

Бағасы қаншадан?

Сондай-ақ, әкімдік салған тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы бекітілді:

Алматы – 240 мың теңгеге дейін;

Нұр-Сұлтан – 220 мың теңгеге дейін;

Шымкент пен Алматы қаласының маңы – 200 мың теңгеге дейін;

Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды облысы мен Қарағанды ​​қаласында – 180 мың теңгеге дейін;

Басқа аймақтар – 160 мың теңгеге дейін.

Алматы мен Нұр-Сұлтаннан тұрғын үй сатып алуға несиенің ең жоғары сомасы – 18 миллион теңге. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды ​​және Қарағанды ​​облыстарында – 15 миллион теңге. Басқа аймақтарда бұл сома 12 миллион теңгеден аспауы керек.

Оқи отырыңыз: Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады

"Биыл "Шаңырақ"  пилоттық жобасын іске асыру үшін мемлекет бюджетінен 210 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. 90 миллиард теңге көлеміндегі қаражаттың бірінші бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жіберілді. Осы бюджет аясында біз шамамен 7-8 мың қазақстандық отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - деді "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Айтуынша, өтініш берушілерде несие сомасының 10% бастапқы жарнасы болуы керек. Несие 20 жылға дейін беріледі. Өтінімдер 17 тамыздан 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Өтінішті қалай беру керек

Бірінші қадам – ​​электронды өтінімді hcsbk.kz веб-сайтында "Қолжетімді баспана"/"Шаңырақ" пилоттық жобасы бөлімінде беруге болады. Үш күн ішінде өтініш берушіге банк қызметкері хабарласып, несие шарттары, бағдарлама талаптары туралы егжей-тегжейлі кеңес береді. Өтініш беруі үшін филиалға тіркеп қояды.

Содан кейін төлем қабілеттігін бағалау үшін өтініш беруші қажет құжаттар пакетімен банк бөлімшесіне баруы керек.

Егер оң шешім қабылданса, банктің талаптарына сәйкес келетін құрылысшылардан баспана тауып, келісімді бекітуі қажет.

Келесі қадам – ​​банктен несие алу.

Несие өтініш берушінің жинақ шотында несие сомасының 10%-тен кем емес мөлшері болған кезде беріледі.

Жаңалықтар
0