Қоғам

Қорғаныс министрлігі ұшаққа қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді

© SputnikМинистерство обороны РК
Министерство обороны РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ шын мәнінде Қорғаныс министрлігінің балансында, әуежайда ұшақты жөндеу жұмысы жүріп жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қорғаныс министрлігі Новосібір әуежайындағы қанаты зақымданған ұшақ туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

"Қазақстанның әскери-әуе күштерінің ұшағы Ресейдің Новосібір қаласында "ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ"-те жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстары кезінде фюзеляж бөліктері мен агрегаттары алынған. Бұл сенсациялық жағдай емес", - деп жазылған ведомствоның ақпаратында. 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында "Толмачево" (Новосібір) әуежайында тұрған қазақстандық ұшақ туралы ақпарат тараған болатын.

Әуе кемесі Қазақстанның әскери-әуе күштеріне тиесілі екені, Kazakh Air Force ретінде рейс жасайтыны жазылған еді.

Тағы оқыңыз: Атырау тұрғындарын шошытқан қара түтіннің не екені анықталды

Жаңалықтар
0