Қоғам

Қазақстан коронавирустың жаңа толқынына қалай дайындалып жатыр

© Sputnik / AFK Sistema / Медиабанкке өтуПроизводство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе "Биннофарм"
Производство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе Биннофарм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда коронавирус пандемиясы аяқталған жоқ, сондықтан министрлік инфекцияның күзде және қыста өршуіне әзірленіп жатыр, деді Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Денсаулық министрі Алексей Цой күзгі маусым қарсаңында дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. 

"Коронавирус пандемиясы аяқталған жоқ. Біз қазан айында тұмау және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен бірге болуы мүмкін жаңа толқынға дайындалуымыз керек. Денсаулық министрлігі жергілікті атқарушы билікпен бірлесе алдағы маусымға әзірленіп жатыр", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Дәрі-дәрмекпен қамту

Цойдың айтуынша, еліміздің дәріханаларына 10 миллионнан астам дәрі-дәрмек жеткізілді.

"Бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіп, 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңгеге қосымша екі айлық қор жасады. СК-Фармация негізінде республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды", - деді ведомство басшысы.

Оттегі мәселесі

Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 өкпені жасанды желдету аппараты, оның ішінде 1500 отандық тауар өндірушілерден, 1078 жергілікті бюджет, демеушілік көмек және Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады. 23 890 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары арқылы қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудан ауруханаларын цифрлық рентген аппаратымен толықтай қамтамасыз ету жоспарлануда.

Госпитальдер 

Министр ведомствоаралық комиссия 2,7 мың төсек-орны бар 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдағанын еске салды. 

Стационарлар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматыда пайда болады.

"Әкімдіктер жер учаскелерін бөлді, мердігер ұйымдар таңдалып жатыр. Қаржы жұмыспен қамтудың жол картасы және жергілікті бюджеттегі үнемделген қаржы есебінен жасалады. Әр инфекциялық аурухананың құнын әр әкімдік жеке анықтайды", - деді Цой.

Ауруханалар қазанда дайын болуы тиіс екені айтылды.

Жаңалықтар
0