Қоғам

Балалардың ерекше құттықтауынан кейін ауыл жолы жөнделетін болды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЯмы на дорогах, архивное фото
Ямы на дорогах, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімдігі проблемалы жол учаскелеріне биыл асфальт төселіп, кейбір жолдар ағымдағы жөндеуден өткізілетінін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жасөспірімдердің жол ортасындағы шұңқырдың екі жылдығын атап өткен ерекше құттықтауы желіде қызу талқылануда.

Видео Instagram парақшасында жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Балалардың Алматы облысының Көксай ауылындағы Пушкин көшесінде тұратыны белгілі болды.

Ал Алматы облысының әкімдігі бұл көше жақын арада жөнделетінін айтып отыр.

"Биыл Көксайдағы Наурызбай батыр көшесіне асфальт төсеу жоспарланған. Пушкин көшесіндегі шұңқыр да осы ауылда орналасқан және оған жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады", – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жолдарды күтіп ұстауға жауапты 120-дан астам адам түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 4 миллион теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Серік Сәпиев жол жөндеу жұмыстары киіктерге кесірін тигізе ме деп алаңдайды

Жаңалықтар
0