03:07 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
299 0 0

America"s Got Talent жартылай финалының қашан өтетіні және ол кезде Данэлияның қандай композиция ұсынатыны қазірше белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова америкалық әйгілі America"s Got Talent шоуының жартылай финалына өтті.

"Әлемдік шоудың жартылай финалына іріктеу сайысы тікелей эфирде көрсетілді. Ал жеңімпаздар АҚШ аумағында тұратын көрермендердің NBC сайтында дауыс беруімен және кейбір қатысушылардың қазылар алқасынан қосымша ұпай алуы арқылы анықталды", – деп хабарлады әншінің PR қызметі. 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daneliya Tuleshova (@tuleshova_daneliya)

Бұл туралы Данэлия Instagram желісінде жанкүйерлеріне арнаған жазбасында: "Мен келесі раундқа өткеніме сене алар емеспін. Дауыс бергендеріңіз үшін алғысым шексіз және жартылай финалда сіздерді тағы да қуантуға бар күшімді саламын", – деді.

Жас әншінің айтуынша, бұл шоуда жаңа жетістіктерге шабыттандыратын және ынталандыратын "таңғажайып орта" бар. Енді Данэлия күн сайын жарыстың жартылай финалына дайындалуды жоспарлап отыр.

"Лос-Анджелесте анам мен ұстазым Наталья Александровна менімен бірге. Өнер көрсететін кезде біз қатты толқыдық. Өйткені, бір күн бұрын мендегі жүктеме өте көп болды және аздап ауырып қалғаныма қарамай, академиялық ұстазым Гүлзат Дәуірбаевадан қосымша сабақ алдым. Бақытымызға орай, бәрі сәтті өтті. Қолдау білдіргендеріңіз үшін бәріңізге рахмет", – дейді Төлешова.

Оқи отырыңыз: Димаш пен Данэлия Төлешова Америкада әлемдік дарындылар шоуына қатысты

Данэлия анасымен және мұғалімімен бірге АҚШ-қа бірнеше күн бұрын барған. Шоудың барлық қатысушылары үшін міндетті шарт – бұл карантиндік шараларды қатаң сақтау.

"Біз коронавирусты анықтау тестін ұшудан бұрын тапсырдық. Сондай-ақ, бұл жаққа келген соң басқа қатысушылар сияқты міндетті карантиндік күндерді өткізіп, тағы да тексерістен өттік. Бәріміздің денсаулығымыз жақсы. Қазіргі кезде қауіпсіздік шарасын қатаң ұстанамыз. Әсіресе, дауысты сақтау үшін тіпті, қонақүй қызметін пайдалану кезінде де байланыс болмауына қатты көңіл бөліп отырмыз", – деді Данэлияның мұғалімі Наталия Чуракова.

Айта кетейік, ширек финалда жас әнші Harry Styles-тың "Sign of the Times" әнін шырқады. Ал көрермендер мен қазылар алқасы Данэлияны America"s Got Talent сахнасындағы алғашқы қойылымындағыдай зор қошеметпен қарсы алды. София Вергара бұл қойылым кештің ең жақсысы болды дегенде, Данэлия көз жасына ерік берді. 

Қазірше America"s Got Talent жартылай финалының қашан өтетіні және ол кезде Данэлияның қандай композиция ұсынатыны белгісіз.

Тақырып бойынша

Димаштың кісілігіне қайран қалдым – Данэлия Төлешова
Данэлия Төлешова: Димашпен бірге ән айтуды армандаймын
Данэлия Төлешова Sputnik Қазақстан оқырмандары үшін арнайы ән салды – видео   
"Бетіме тиіп кетсе қайтемін" Данэлия Төлешова неден қорқатынын айтты - видео
Тік тұрып қол соқты: Данэлия Төлешова америкалықтардың қошеметіне бөленді – видео
Кілт сөздер:
қазақ әншілері, әнші, Данэлия Төлешова
Загрузка...

Басты тақырып