19:57 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
246 0 0

Қазақстандық студенттерге қажетті құжаттарды ұсынып, шетелдік білім беру ұйымынан да ауысу мүмкіндігі ұсынылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. "Электронды үкімет" порталында студенттерге арналған жаңа қызмет пайда болды. Оның көмегімен колледж, училище және кәсіби дайындық оқу орталықтарының студенттері басқа оқу орнына ауысуға және қайта қабылдауға өтініш бере алады.

Онлайн өтініш беру үшін eGov.kz порталында "Білім" бөліміне кіріп, "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" қызметін таңдау қажет. Содан кейін барлық жолақты толтыру керек, деп мәлімдеді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Кейде "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінде жоқ құжаттар порталда көрінбеуі мүмкін. Ондай жағдайда қолданушы мәліметтерді өздігінен енгізе алады.

Егер студент шетелдік білім беру ұйымынан ауысса, оған төмендегі құжаттардың сканерленген көшірмесін қоса жіберу керек:

  • меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат;
  • Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
  • шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.

Қаржылық қиындыққа байланысты оқуға қайта қабылданған жағдайда, студент оқу ақысын төлегені туралы түбіртектің сканерленген көшірмесін қоса ұсынуы тиіс.

Сұрау сәтті өңделген жағдайда, қолданушының жеке кабинетіне ауысқаны немесе қайта қабылданғаны, не болмаса құжаттарын қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлама келеді.

 

Загрузка...

Басты тақырып