19:41 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Медициналық мекемелер мен адамдар жаппай жиналатын орындарда өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту қажет, деп мәлімдеді Қауіпсіздік кеңесі

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша қауіпті химиялық заттардың, жанғыш және жарылыс қаупі бар материалдардың айналымдарына тартылған, қауіптілігі жоғары объектілерде, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Алматыда төтенше оқиға салдарынан екі адам мерт болды

Адамдар жаппай жиналатын орындарда, газ-техникалық жұмыстар өндірісінде, сондай-ақ медициналық мекемелерде оттегімен жарақтандыруды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуге аса назар аударылуы тиіс екені айтылды.

Алматыдағы кардиологиялық орталық аумағында өрт шықты

Айта кетейік, 15 тамызда Алматыдағы қалалық кардиологиялық орталықтың аумағында өрт шықты – оттегі баллондары сақталған бір қабатты қойманың шатыры жанып кетті.

Құтқарушылар келгенге дейін оттегімен толтырылған баллондар тұрған жерде жарылыс болып, салдарынан ғимарат шатыры опырылып құлады. Өрт сөндірушілер алты оттегі баллонын эвакуациялады.

Қызыл жалын 280 шаршы метрге шарпыды. Апат салдарынан орталықтың бір қызметкері көз жұмды.

Тақырып бойынша

Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды – видео
Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
"Қазақфильмдегі" төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Кілт сөздер:
медицина, өрт қауіпсіздігі
Загрузка...

Басты тақырып