Қоғам

Нұр-Сұлтанда полиция пунктіне "шабуыл" жасалды – видеоның мән-жайы

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция көлігі, архивтегі сурет
Полиция көлігі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қара киімдегі бір топ адам елордадағы тірек пунктерінің біріне "шабуыл" жасаған. Видео интернетте тарап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанның полиция департаменті тірек пунктіне жасалған "шабуылға" қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видео Instagram-дағы "Жалобы Астана" аккаунтында жарияланды. Кадрдан қара киім киген бір топ адамның ғимараттың есік-терезесін ұрғылап жатқаны байқалады.

"Бұл тірек пункті емес пе? Не болып жатыр? Оң жағалаудағы үйдің тұрғындары сенбі күні таңертең тарсыл-гүрсіл мен айғай-шудан оянып кетті", - делінген жазбада.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Олардың ақпаратынша, 22 тамызда "Байқоңыр" ауданы полиция басқармасының базасында оқу-жаттығу өткен.

"Кеңейтілген жедел тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Ол 23 тамызда да жалғасады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Полиция елордалықтардан жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

Жаңалықтар
0