19:05 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1526)
462 0 0

Қазіргі уақытта әлемде 22,8 миллион адам індет жұқтырған, олардың ішінде 795 мыңнан астамы қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) бес жастан кіші балаларға маска тақпауға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Бес жасқа толмаған балалардың бетперде тағуы міндетті емес. Бұл олардың қауіпсіздігі мен масканы дұрыс таға алмайтынына байланысты", — делінген ақпаратта. 

Егер бала 6-11 жас аралығында болса, бетпердеге қатысты бірқатар жайтты ескеру керек. Олар: бала тұратын өңірдегі вирустың таралу көрсеткіші, масканы дұрыс таға білуі, бетперде тағудың баланың психикалық-әлеуметтік дамуына тигізетін потенциалды әсері, масканың қолжетімділігі және оны ауыстырып отыру мүмкіндігі.

12 жастан үлкен балаларға бетперде тағу бойынша ересектермен бірдей талап қойылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирус инфекциясын пандемия деп атаған болатын. Ұйымның соңғы мәліметіне сәйкес, әлемде 23 миллиондай адам індет жұқтырған, 800 мыңнан астамы қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1526)

Тақырып бойынша

Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
Министрлік бетпердеге қатысты ұсыныс жайлы: айыппұлды азайту талқыланып жатқан жоқ
Коронавирустан жазылғандар үшін 5 кеңес
Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Загрузка...

Басты тақырып