Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды

© REUTERS / JOSE CABEZASРаботники больницы в защитных костюмах транспортируют тело погибшего от коронавируса
Работники больницы в защитных костюмах транспортируют тело погибшего от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулік ішінде пневмонияның 18 жағдайы және коронавирустық инфекцияның 184 жаңа жағдайы тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда 9 963 адам, оның ішінде 49 бала коронавирус инфекциясынан емделіп жатқанын хабарлады. Ауруханаларда 5 248 пациент болса, амбулаториялық негізде 4 715 пациент бар.

"308 адамның жағдайы ауыр, 61 науқас өте ауыр жағдайда және 47 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. Соңғы тәулікте коронавирустан 11 адам, пневмониядан 3 адам қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулік ішінде пневмонияның 18 жағдайы және коронавирустық инфекцияның 184 жаңа жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 індетіне 104 902 адам, ал пневмония дертіне 22 762 (1 тамыздан 25 тамызға дейін) адамның шалдыққаны тіркелді. 1 779 науқас коронавирус пен пневмонияның құрбаны болды.

Оқи отырыңыз: Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады

Жаңалықтар
0