Қоғам

Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді – үкімет басшысы

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАким Туркестанской области Умирзак Шукеев принял участие в уборке зерна
Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев принял участие в уборке зерна - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамин егін ору жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанның барлық өңірі жаппай егін оруға кірісті. Республика биыл астықпен өзін толық көлемде қамтамасыз етеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізгі астық егетін өңірлерде ауа райы жаздың ортасында құрғақ болса, қазір құбылмалы. Сондықтан өнімді жинап алумен қатар, жұмысты барынша төмен шығынмен орындап үлгеру маңызды", - деді Мамин үкімет отырысында.

Ол үкімет тарапынан егін ору жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шешім қабылданғанын атап өтті.

"Жалпы, барлық қабылданған шаралар есебінен биыл астықтың болжамды көлемі 18 миллион тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады", - деді премьер.

Айтуынша, елдің ресурстық базасы мен географиялық орны отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналуына жағдай жасайды.

Оқи отырыңыз: Үкімет әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындайды – Мамин 

Астық пен басқа азық-түлік өнімдерінің нарықтағы бағасының динамикасы тұрақты және оң, деп жалғастырды ол.

"Сондықтан біз агроөнеркәсіптік кешенді орта және ұзақ мерзімді перспективада экономиканың негізгі локомотивтерінің бірі ретінде көреміз. Жалпы, астық жинау науқанының қарқыны жаман емес. Оны әрі қарай арттырып, егін ору жұмыстарын уақытылы аяқтау керек", - деді Мамин.

Осыған байланысты үкімет басшысы министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0