Қоғам

Алматылық дәрігерлер арықтан табылған нәрестенің жағдайы туралы айтты

© Photo : PexelsЖаңа туған сәби
Жаңа туған сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа туған сәби ауруханаға ауыр хәлде түскен, бірақ қазір жағдайы орташа. Дене қызуы қалыпты, өздігінен еме алады

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Алматының денсаулық сақтау басқармасы анасы арыққа тастап кеткен сәбидің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

25 тамыз түнгі сағат 00.38-де Райымбек даңғылында орналасқан Maxima сауда үйінің маңына жедел жәрдем қызметіне шақырту түсті.

"Дәрігерлер салмағы 3 000 грамм, бойы 52 сантиметр ұл бала үшін шақыртылған. Жедел жәрдемді полиция шақырды", - деді басқармадан.

Нәресте Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде оның жағдайы гипотермияға байланысты (дене қызуы 34,5 градус) ауыр болған.

Тағы оқыңыз: Қостанай соты баласын қоқысқа тастаған әйелге ешкім күтпеген үкім шығарды

"Қазір баланың жағдайы орташа, дене температурасы қалпына келді. Өздігінен еме алады", - деп толықтырды ведомстводан.

Нәресте екінші балалар ауруханасына ауыстырылады. Ол жерде толық тексерілгеннен кейін сәбилер үйіне жіберіледі.

Еске салсақ, бүгін Алматы тұрғыны Алмалы ауданы Райымбек даңғылының бойындағы арықтан жаңа туған сәбиді тауып алды.

Ер адам бірден жедел жәрдем бригадасы мен полицейлерді шақырған. Бала ауруханаға жеткізілді.

Қазір алматылық полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар
0