Қоғам

Санитар дәрігер пойызда тамақтануға байланысты өзгерісті түсіндірді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВагон-ресторан
Вагон-ресторан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар әлеуметтік арақашықтық пен бетперді режимін сақтай отырып, вагондардың арасымен емін-еркін жүре алады

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда вагон-ресторандардың жұмыс тәртібін түсіндірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде жолаушылар пойызында вагон-ресторандар (буфеттер) қайта ашылды. Алайда алдын ала тапсырыспен жеткізу қызметі болуы керек. Ал тамақтану залында отыратын адамдардың саны 50 проценттен аспауы шарт. Арақашықтық сақталуы қажет", - дейді Байғабылов. 

Оның айтуынша, вагон-ресторанның қызметкерлері бетперде мен қолғап тағып жүруі тиіс. Ал жұмыстың алдында термометриядан өтеді. Аурудың белгілері үнемі тексеріледі. Қоғамдық тамақтану орнында санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы міндетті.

"Тапсырыстың тамақтары жолаушыға қапталған күйінде жеткізілуі тиіс. Ал жолаушылар әлеуметтік арақашықтық пен бетперді режимін сақтай отырып, вагондар арасымен емін-еркін жүре алады. Вагон-ресторанға да кіруге рұқсат бар. Қалған шектеулер сол күйінде қала береді", – деп атап көрсетті Байғабылов.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде теміржол қатынасы тоқтатылған болатын. Ал 1 маусымда ішкі бағыттарда пойыздар жүре бастады. 

Ал 5 шілде күні қатаң карантиннің енгізіліне байланысты теміржол қатынасы біршама шектелді.

Жаңалықтар
0