Қоғам

Комиссия шешім қабылдады: Қазақстанда тағы қандай нысандар ашылады

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуПлавание. Архивное фото - рекадр
Плавание. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңін мақұлдады  

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, деп жазды премьер-министрдің ресми сайты.

Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ке төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.

Ведомствоаралық комиссия қазіргі жағдайды ескере отырып, биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

  • діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
  • бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 шаршы метр су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);
  • жаттығу залдары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, алдын ала жазылу арқылы);
  • спорт кешендері (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
  • мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-тен аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

"Барлық нысанға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңір әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талапты қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет", — деп атап өтті Тоғжанов.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.  

Жаңалықтар
0