22:50 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
230 0 0

Қазақстандық ғалымдар мен дәрігерлер дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның өкілімен өткен кездесуде Кавасаки синдромы мәселесін талқылаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Көшерова Кавасаки синдромына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде қоғамда Кавасаки синдромына қатысты сұрақтар өте көп. Осы ауру коронавирустық инфекциядан туындай ма? Бұл коронавирустың бір көрінісі ме? Жоқ, әлде коронавирустық инфекцияның асқынған түрі ме? Біз бүгін ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның өкілімен кездесу өткіздік. Сол кезде ол Кавасаки синдромы бөлек ауру екенін ашық айтты", - деді Көшерова "Ғалымдар Aлаңы" онлайн жобасының пікірталас алаңында.

Профессордың айтуынша, Кавасаки синдромы коронавирустық инфекциядан кейін шығуы мүмкін. Алайда басқа бактериялардан кейін де шыға береді. Себебі өз алдына бөлек ауру болып саналады.

"Ал коронавирустық инфекция кезінде мультижүйелі асқыну синдромы пайда болуы мүмкін. Ондайда үлкен адамдарда сияқты балалардың ағзасында тамыр жүйесі зақымданады", - деп атап көрсетті Көшерова.

Айта кетейік, 24 тамызда өткен онлайн брифингте денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет балалар Кавасаки синдромына жаппай шалдығып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 2,5 мың бала коронавируспен ауырып шықты. Олардың ішінде тек 16 балада мультижүйелі асқыну синдромы анықталды. Соның белгілері Кавасаки синдромына ұқсайды. Бүгінде дертке шалдыққан балалардың жартысы жазылып шыққан.

Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып