Қоғам

Covid-19 кесірінен анасынан айырылған отбасыға астана әкімдігі көмектесетін болды

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы Нур-Султана после снятия режима ЧП
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бауырларын өз қамқорлығына алған бойжеткен тұрақты жұмысқа орналасып, әкімдік тарапынан тұрақты түрде көмек көрсетілетін болады

АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов үш бауырын қамқорлығына алған 19 жастағы Ділнас Шәріпбаевамен кездесті.

© Photo : акимат Нур-СултанаЕлорда әкімі Алтай Көлгінов пен Ділнас Шәріпбаева
Covid-19 кесірінен анасынан айырылған отбасыға астана әкімдігі көмектесетін болды - Sputnik Қазақстан
Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Ділнас Шәріпбаева

Балалар тұл жетім болып қалған: әкесі 2007 жылы қайтыс болған, анасы 2020 жылдың 8 шілдесінде Сovid-19-дан көз жұмды. Араға бір ай салып, 28 жастағы үлкен ағасы суға батып қайтыс болған.

Қазір Ділнастың қолында 12, 14 және 16 жастағы кәмелетке толмаған сіңлісі мен бауырлары қалды.

"Әкімдік Ділнас пен ен оның кіші сіңлісінің колледждегі оқу ақысын төлеу мәселесін шешіп береді. Ал оның бауырларына жаппай оқыту қоры аясында көмек көрсетіледі. Оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар мен қашықтан оқу үшін компьютерлер және роутерлер беріледі", – деп хабарлады қала әкімдігін баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар әкімдік отбасыны уақытша баспанамен де қамтамасыз етеді.

Ділнас Шәріпбаева тұрақты жұмысқа орналасады. Әкімдік бұл отбасының балаларына алдағы уақытта тұрақты негізде көмек көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ділнас қаржылық қиын жағдайға тап болғаны туралы Facebook парақшасында жазды.

Ол анасы қайтыс болған соң бауырларын өз қамқорлығына алып, құжаттарын ресімдеген.

Оқи отырыңыз: Алматыда әбден ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады

Айтуынша, ол үй кезегіне тұруға тырысқан, алайда үй алуға болатын адамдар санатының ешбіріне сай келмейді.

Жаңалықтар
0