Қоғам

Коронавирус пандемиясы: Қазақстанда тағы 13 адам қайтыс болды

© AP Photo / Dolores OchoaМедик в защитном костюме наблюдает за пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме наблюдает за пациентом в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғаннан бері ресми деректер бойынша коронавирустан 1 554, пневмониядан 271 науқас қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирустан 10 адам, ал пневмониядан 3 науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте вирустық пневмонияға шалдыққан 558 адам тіркелді, 3 адам қайтыс болды. 355 адам емделіп шықты.

Жалпы, 1 тамыздан бері пневмониямен ауырған науқастар саны 24 101 адамға жетті. Барлығы 271 адам көз жұмды.

Ал коронавирустан өткен тәулікте 10 адам қайтыс болды. 168 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 976 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 бала бар. Ауруханаларда 4 548 науқас жатыр. 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

"Жалпы, науқастардың арасында 267 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 47 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 50 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", - делінген министрліктің хабарламасында.

Соңғы деректер бойынша 94 713 адам коронавирустан, 5 256 адам пневмониядан жазылып шыққан.

Жаңалықтар
0