Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы 16 адам қайтыс болды

© AP Photo / Aaron FavilaСотрудники морга сопровождают тело погибшего от коронавируса
Сотрудники морга сопровождают тело погибшего от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша бір тәулікте 531 қазақстандықтан пневмония анықталды

АЛМАТЫ, 28 тамыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 9, ал пневмониядан 7 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта еліміздің стационарларында 4 320 науқас жатыр, 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емдеуде.

"28 тамыздағы жағдай бойынша 255 адам ауыр халде, 44 адам аса ауыр жағдайда жатыр, 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өткен тәулікте тоғыз қазақстандық коронавирустан, жеті адам пневмониядан қайтыс болды", - делінген министрліктің ақпаратында.

Сонымен қатар өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 165 адамнан табылды және 531 адамға пневмония диагнозы қойылды. Ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 105 408 адамға жетті, 24 632 адам пневмонияға шалдықты.

Наурыздан бері коронавирустан 1 563 адам қайтыс болды, тамызда 278 адам пневмониядан көз жұмды.

Жаңалықтар
0