Қоғам

Синоптиктер жаздың соңғы күндерінде ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень в Алматы. Медео
Осень в Алматы. Медео - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклон ықпалымен жылы болады, кей аймақта сынап бағанасы 30 градусқа дейін көтеріледі

АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанда демалыс күндері ауа райы жылы болады деп болжанып отыр. Бұл жайында Қазгидрометтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстанның басым бөлігінде жаздың соңғы күндерінде ауа райы жылы болады. Ал оны күннің шуақты антициклоны қамтамасыз етеді", – делінген ведомство хабарласында.

Сонымен қатар синоптиктер республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады деп болжады.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Соған қарамастан, бұл аймақтарда ауа температурасы 25-33 градус аралығында ыстық болады.

Жаңалықтар
0