Қоғам

Қазақстанда бірқатар ЖОО-ның лицензиясы уақытша тоқтатылды 

© Sputnik / Владимир ФедоренкоМужчина с папкой в руках, архивное фото
Мужчина с папкой в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіпке сәйкес, білім беру қызметінің лицензиясы тоқтатылса, жоғары оқу орны 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді қабылдай алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі бірнеше жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтатты. Себебі қайта тексеру кезінде тағы тәртіп бұзушылықтар анықталды.

"Алматы" университеті, "Қайнар" академиясы, Алматының экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті мен "Silkway" халықаралық универститетін қайта тексеру шаралары кезінде тағы тәртіп бұзушылықтар анықталды", - делінген ресми хабарламада. 

Тексерістің нәтижесінде білім мен ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті "Алматы" университеті, Алматының экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті мен Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің лицензиясын тәртіп бұзушылықтар жойылғанша тоқтатуға шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің "Құқық" (бакалавриат) бағыты бойынша лицензиясына қосымшаның күші тоқтатылды. 

Ал "Қайнар" академиясы мен "Silkway" халықаралық универститетіне қатысты материалдар сотта жатыр. Себебі осы жоғары оқу орындары тексерістің нәтижесі бойынша шағым түсірді.  Сот процесі аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады. 

"Тәртіпке сәйкес, білім беру қызметінің лицензиясы тоқтатылса, жоғары оқу орны 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді қабылдай алмайды", - дейді министрлік мамандары.

Жаңалықтар
0