Қоғам

Қазақстанда тағы 13 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

© REUTERS / JOHANNA GERONМедсестра надевает новые перчатки в больнице с коронавирусом
Медсестра надевает новые перчатки в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша бір тәулікте 111 адам коронавирус жұқтырса, 56 адам пневмонияға шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 7, ал пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 910 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 3 755 науқас жатыр. 4 155 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 201 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - делінген хабарламада. 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы 111 адамнан табылды және 56 адамға пневмония диагнозы қойылды. Ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 105 795 адамға жетті, 25 714 адам пневмонияға шалдықты.

Наурыздан бері коронавирустан 1 588 адам қайтыс болды, тамызда 290 адам пневмониядан көз жұмды.

Жаңалықтар
0