Қоғам

Берік Уәли президенттің жолдауына қатысты ақпарат таратты

© Photo : Сайт АкордыПриспущенные флаги у Акорды
Приспущенные флаги у Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы  барлық телеарнада тікелей эфирде көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстан президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Жолдауды барлық республикалық телеарна тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады", - деп жазды Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жаңа жолдау не туралы болатынын айтты

Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11-де өтеді. Сол жерде президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауы жарияланады. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан еді. Ол алдағы жолдаудың негізгі бөлігін құрайды, деді президент.

Жаңалықтар
0