Қоғам

Коронавируске шалдыққан 200-ге тарта адам ауыр халде жатыр

© Sputnik / Татьяна Макеева / Медиабанкке өтуПациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото
Пациент, подключённый к аппарату ИВЛ, в стационаре для больных с коронавирусной инфекцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайы туралы айтты

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда 7 379 науқас коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 197 адам ауыр халде жатыр.

"7 379 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 30 бала бар. Стационарларда 3 811 науқас, ал 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Науқастардың арасында 197 адам ауыр халде жатыр, 35 адамның жағдайы аса ауыр, 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ресми мәліметке сәйкес, 31 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония он адамнан табылды. Екі адам қайтыс болып, 16 адам сауығып шықты.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, бірінші тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар 25 724 адамға пневмония диагонозы қойылды. 292 адам қайтыс болды, 5 591 адам жазылып шықты.

Жаңалықтар
0