Қоғам

Министрліктерде жауапты хатшылар болмайды – Тоқаев тапсырма берді

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент осы кезге дейін жауапты хатшылар атқарып келген міндеттер министрліктердегі аппарат жетекшілеріне ауыстырылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктерде енгізілген жауапты хатшы қызметін қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жауапты хатшылар институтына тоқталайын деп едім. Осы институтты енгізгенде олардың қызметі министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстан босатады, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген жоспар болған. Алайда, іс жүзінде олай болған жоқ", – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президенттің айтуынша, министрлер мен жауапты хатшылардың бір-бірін түсінісе алмайтын кездер де бар.

"Соның салдарынан ортақ жұмыс жүрмей жатады. Барлығына президент тағайындайтын министрлер жауап беруі керек. Сондықтан, жауапты хатшылар институтын қысқарту қажет. Ал олардың міндеті министрліктердегі аппарат жетекішілеріне ауыстырылсын", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды

Айта кетейік, бүгінгі жолдау кезінде президент биыл мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартуды тапсырды.

Жаңалықтар
0