Қоғам

COVID-19: Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 106 мыңға жуықтады

© REUTERS / ADREES LATIFПробирки для анализов на коронавирус
Пробирки для анализов на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус расталғандар саны Шығыс Қазақстан облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында көп. Шымкентте бірде-бір адам вирус жұқтырмаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 72 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 14 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Коронавирус расталғандар саны Шығыс Қазақстан облысы (15), Алматы (8) және Нұр-Сұлтан (8) қалаларында көп. Шымкентте соңғы тәулікте бірде-бір адам вирус жұқтырмаған.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 8 / 0
  • Алматы қаласы - 8 / 1
  • Ақмола облысы - 7 / 3
  • Алматы облысы - 2 / 2
  • Атырау облысы - 1 / 1
  • Шығыс Қазақстан облысы - 15 / 1
  • Жамбыл облысы - 3 / 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 5 / 1
  • Қарағанды облысы - 10 / 2
  • Қостанай облысы - 4 / 0
  • Павлодар облысы - 1 / 0
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 8 / 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 105 944.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында індетті жеңуге екі жылдай уақыт қажет болатынын атап өткен еді.

Жаңалықтар
0