Қоғам

Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты в руках
Деньги, тенге монеты в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі бекітіліп отыр, ол әр жастағы адамдар үшін әртүрлі болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей. Жеткіліктілік шегі жыл сайын есептеліп отырады.

"Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленеді. 20 жастан басталады", - деді Нұрымбетов.

Айтуынша, алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың есепшотында 2 миллион 518 мың теңге болуы керек.

  • 35 жас – 2 миллион 961 мың теңге
  • 40 жас - 3 миллион 437 мың теңге
  • 45 жас  -  3 миллион 947 мың теңге
  • 50 жас - 4 миллион 495 мың теңге
  • 55 жас - 5 миллион 84 мың теңге

"59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет. Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады", - деді ол.

Президент жолдауын жүзеге асыру

Министр зейнетақы жинағының бір бөлігін 721 мың қазақстандық пайдалана алатынын атап өтті. 

Біріншісі – жұмыс істейтін, яғни Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жарнасы бар азаматтар. Олардың саны болжам бойынша 530 мың. 

Екіншісі – зейнет жасына жеткен адамдар. Олар шоттағы ақшаның елу процентіне дейін ала алады. 

Нұрымбетов мұндай кісілердің саны 178 мыңнан асатынын айтты. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлері де бар. Оларға қойылатын бір ғана шарт – зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен, жинақтаушы қордан алып отырған зейнетақысын қосқан кезде, зейнетке шыққан кездегі табысының 40 процентінен төмен болмауы керек.

Үшіншісі – зейнетақы анниутитетін рәсімдеген қазақстандықтар. Егер зейнетақы жинағын сақтандыру қорына аударғаннан кейін, жинақтаушы қорда қаражат қалса, олар оны толығымен шешіп ала алады. Мұндай адамдардың саны 13 300. 

Айта кетсек, зейнетақы жинағының бір бөлігі баспана сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларына басқару үшін аударуға беріледі.

Жаңалықтар
0