22:31 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
320700

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге салумен арнайы оператор айналысады. Ол – "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" негізінде құрылатын "Отбасы банкі"

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын баспанаға пайдалану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, салымшы өзі үшін, жұбайы үшін және жақын-туыстары үшін пайдалана алады. Заң бойынша жақын туыстарына ата-әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, бауырлары жатады. Сондай-ақ, біз бір отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіру мүмкіндігін де қарастырамыз", - деді  Нұрымбетов үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй, жер учаскесін немесе баспана сатып алуға жұмсауға болады. Пәтерді жаңа үйден ғана емес, қолдан алуға мүмкіндік бар. 

"Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға немесе өтеуге де болады. Ондай шарттар кез келген банктен және кез келген бағдарламамен алынған ипотекаға қатысты. Жеке тұрғын үй салу, жөндеу немесе кеңейту мүмкіндігі де қарастырылады. Бұл жерде бір ғана шектеу болуы мүмкін. Оған сәйкес, зейнетақы жинағына сатып алынған үйді бес жылдың ішінде сатуға болмайды", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Оның сөзіне қарағанда, зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге салу үшін арнайы оператор болады. Ол – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылатын Отбасы банкі. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі нақты тәртібін белгілейді.

Тақырып бойынша

2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша болады
Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты
Қазақстандықтардың зейнетақы шотында қанша теңге жиналды
БЖЗҚ зейнетақы мен төлемдерге қатысты ақпарат жариялады
Министр зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер пайдалана алатынын айтты 
Кілт сөздер:
баспана, зейнетақы жинағы
Загрузка...

Басты тақырып