Қоғам

Министр зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді 

© Photo : Pixabay / Steve BuissinneПожилой мужчина
Пожилой мужчина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне тікелей байланысты. 1998 жылға дейін жұмыс істегені үшін мемлекет тарапынан төленетін ынтымақты зейнетақы бар

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халықтың зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкімет үйінде өткен онлайн брифинг кезінде тілшілер коронавирус пандемиясынан кейін зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді.

"Пандемия маңызды бір мәселені аңғартты. Көбісі зейнет жасқа жетпей, қайтыс болып жатыр. Қазақстандықтардың денсаулығы бұрынғы зейнетақы жасына сәйкес келмейді. Енді, көп адамдар зейнет жасын төмендетуді талап етіп отыр. Осы мәселе қарастырылады ма?", - деді журналистер.

Министрдің айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі қаралып жатқан жоқ. 

"Қазіргі зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне тікелей байланысты. 1998 жылға дейін жұмыс істегені үшін мемлекет тарапынан төленетін ынтымақты зейнетақы бар. Кепілдендірілген базалық зейнетақы мен жинақ жүйесі қарастырылған. Ынтымақты зейнетақы біртіндеп қысқарады. Себебі ол тек 98-ші жылға дейінгі еңбек өтілі үшін ғана төленеді. Сондықтан бірінші орынға жинақ жүйесі шығады. Ал одан төленетін зейнетақының мөлшері сол жинақ жүйесіне қатысу мерзімі мен жинақтың сомасына байланысты", - деп жауап берді Нұрымбетов.

Оның сөзіне қарағанда, үкіметтің қазіргі міндеті – халықтың табысын арттыру. Соның арқасында зейнетақы жинақтары да көбейеді.

"Әрине, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы халықтың салымдарын арттыру міндеті де бар. Сондықтан біз осы бағытта көбірек жұмыс істейтін боламыз", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

Жаңалықтар
0