Қоғам

"Қателік кетті": министрлік электронды оқулықтарды қайтадан тегін қылды

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, техникалық себепке байланысты "Алматыкiтап" баспасы оқулықтарды тегін жүктеу қызметін бұзып жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрлігінің сайтында көрсетілген электронды оқулықтарды тегін жүктеуге болады. Ақылы қызметті алып тастады. Бұл туралы министрлікке қарасты "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталықтың директоры Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін оқушылардың ата-аналары білім және ғылым министрлігінің сайтында көрсетілген электронды оқулықтарды жүктеу қызметінің ақылы болып кеткеніне шағымданған болатын. Оқулықтардың тізімі министрлік сайтында жарияланса да, оларды шетелдік платформаға жүктеп қойған. Ал кез келген оқулықтың электронды нұсқасын алу үшін ақша төлеу керек.

Осы мәселе бойынша түсініктеме берген "Алматыкiтап" баспасының PR-директоры Ольга Бузулуцкая электронды оқулықтардың төтенше жағдай режимі кезінде тегін болғанын, ал 1 қыркүйектен бастап ақылы жүйеге ауыстырылғанын жеткізді. Себебі opiq.kz сайтын эстондық мамандар жасаған.

Оқи отырыңыз: "Нүкте қоятын кез келді": білім министрі маңызды мәселенің тоқетерін айтты

Енді, оның техникалық және басқа да шығындарын өтеу керек. Ал ішкі контенттің иесі – "Алматыкiтап" баспасы. Электронды оқулықтарды жүктеу үшін ақы төлеп, ай-сайын жазылып тұру қажет немесе мектепке хабарласуға болады. Мектеп пен баспа арасында келісімшарт жасалса, мұғалімдер мен оқушылар электронды оқулықтарды пайдалана алады.

"Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталықтың директоры Ғани Бейсембаевтың айтуынша, министрлік сайтында көрсетілген барлық оқулық тегін жүктеледі. "Алматыкiтап" баспасы болса, техникалық қателік жасаған.

"Білім және ғылым министрлігінің сайтында көрсетілген электронды оқулықтардың барлық сілтемесі тегін. Техникалық себепке байланысты "Алматыкiтап" баспасы оқулықтарды тегін жүктеу қызметін бұзып жіберді", – дейді Бейсембаев.

Қазіргі кезде министрлік сайтында көрсетілген оқу материалдарын тегін жүктеуге болады.

Жаңалықтар
0