Қоғам

Тауар жеткізушілер ЕАЭО нарығын құрметтеуді үйренуі тиіс – ЕЭК министрі   

© Photo : Пресс-служба Евразийской экономической комиссииМинистр по техническому регулированию ЕЭК Виктор Назаренко
Министр по техническому регулированию ЕЭК Виктор Назаренко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелдік өндірушілер қауіпсіз өнімдерді жеткізуге кепілдік беруі керек, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Импорттаушылар ЕАЭО нарығына үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігін бағалап, жауапкершілікті бөлісуі тиіс.

Тиісті өзгерістер дайындалып жатыр, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко Sputnik ақпарат агенттігі ұйымдастырған Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан видеокөпірі кезінде.  

"Еуразиялық одақ үшінші елдер үшін қолайлы жағдай жасап жатыр, мұндай интеграция құрылымы басқа еш жерде болмаса керек. Біз барлығына сенім білдіріп отырмыз. Шетелдік өндірушілер әкелінген импорттық өнімдердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алады деп үміттеніп, олармен уәкілетті тұлғалар арқылы жұмыс істеуге шешім қабылдадық", - деді Назаренко.

Алайда, оның айтуынша, уәкілетті тұлғалардың көбісі іс жүзінде тек сертификаттаумен айналысатыны анықталған. 

"Шетелдік өндіруші бізге қауіпсіз өнімдерді жеткізіп беруге кепіл болуы тиіс. Бұл жағдайда оның біздің аумақта "мен компанияның мынадай өнімдерінің қауіпсіздігіне жауап беремін, барлық талапты маған қойыңыздар" дейтін адамы болуы керек", - дейді ЕЭК министрі.   

Ол импорттаушылар еуроодақ пен барлық өркениетті елдердегідей өнімнің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті бөлісуі керек екенін атап өтті. Бұл мәселелер ЕЭК-те белсенді түрде талқылануда және тиісті құжаттар дайындалуда.

"Біз өзімізді құрметтеп, өз өнімдерін біздің нарыққа жеткізгісі келетіндердің барлығын құрмет көрсетуге мәжбүр етуіміз керек", - деп атап өтті Назаренко.   

ЕЭК импортталған өнімді ЕАЭО-ға әкелудің ашық жүйесін құруға, арам пиғылды өндірушілердің іс-әрекетін тоқтату үшін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі органдардың құжаттарды негізсіз беруін болдырмауға арналған құқықтық база дайындауға ниетті.  

Жаңалықтар
0