Қоғам

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау науқаны 15 қыркүйекте басталады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуМедик готовит шприц, архивное фото
Медик готовит шприц, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда тұмауға қарсы екпе салу әдеттегіден ерте, 15 қыркүйекте басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте, яғни әдеттегі мерзімінен екі апта ерте басталады. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау сияқты ауруларға мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді", - деді Қожахметов онлайн брифингте.  

Ол тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын атап өтті.

Айтуынша, "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенің 2 миллионнан астам дозасын сатып алған. Бұл халықтың шамамен 11 процентін қамтуға жетеді.  

Сонымен қатар, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 мың 900 дозаға тапсырыс берді.

Оқи отырыңыз: Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін салынады 

Қожахметов маусымдық тұмауға қарсы екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалғанын айтты. Қосымша екпе салатын мамандар оқытылып жатыр. 1 мыңнан астам семинар өткізіліп, нәтижесінде 7 мыңнан аса дәрігер мен 15 мыңға жуық кіші және орта қызметкер даярлықтан өтеді.

Жаңалықтар
0