22:34 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4961 0 0

Карантиндік шаралардың күшеюі немесе әлсіреуі қоғамның тәртібі мен жүріс-тұрысына тікелей байланысты, деп атап өтті Бағдат Қожахметов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі "Күзде карантин тағы қатаңдатылуы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Қазір денсаулық сақтау министрлігі мен үкімет бәрібір де жағымсыз болжамға сүйеніп отыр. Болжам ұзақмерзімді және қысқа мерзімді болады. Ұзақмерзімді болжамның кемшілігі көп, сондықтан министрлік қысқамерзімді апталық, 15 күндік немесе 10 күндік болжамдарға сүйенеді", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифингте.

Ол карантиннің жеңілдеуі немесе күшейтілуі адамдардың жауапкершілігі мен тәртібіне байланысты екенін айтты.

"Карантиндік шаралардың қандай болатыны, күшеюі немесе әлсіреуі біздің қоғамның тәртібі мен жүріс-тұрысына тікелей байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Біз санитар дәрігерлердің талабын бұлжытпай орындауымыз керек. Ең алдымен, маска тағып, арақашықтықты сақтаған жөн. Карантиннің қатаңдатылуы немесе мүлде алынып тасталуы сіз бен біздің жауапкершілігімізге байланысты", - деді министрлік өкілі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау науқаны 15 қыркүйекте басталады 

Сонымен қатар, брифинг барысында журналистер Қожахметовтен балабақшалардың екі аптадан кейін жабылатыны туралы ақпараттың рас-өтірігін сұрады.

"Екі аптадан кейін балабақшалар жабылады деген ақпаратқа қатысты ешқандай шешім жоқ. Құдайға шүкір, науқастардың саны азайып жатыр", - деді ол.

Ол коронавирустың жаңа толқыны жыл сайынғы маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі мүмкін деген қауіп барын жасырмады. Сол себепті денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы вакциналауды биыл 15 қыркүйекте, әдеттегіден екі аптаға ерте бастайды.

Тақырып бойынша

"Тағы карантин жарияланады": Тоғжанов ел арасында тараған сыбысқа жауап берді
Індеттен қайтыс болғандар бөлек жерленбейтін болды – ол несімен қауіпті
Қазақстанда коронавирустық пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсті
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Алматыда 5-6 қыркүйекте карантин күшейтіледі
Кілт сөздер:
коронавирус, күз, карантин
Загрузка...

Басты тақырып