Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневМедик в защитном костюме в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте республика бойынша 104 адамнан коронавирустық инфекция табылды, ал 397 адам пневмонияға шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ресми мәліметке сәйкес, бір тәулікте 6 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан көз жұмды.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 бала бар. Стационарларда 2 839 науқас жатыр. 2 750 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 148  адамның хәлі нашар. Соның ішінде 16 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 25 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.    

Қазақстанда өткен тәулікте 433 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.

Жалпы, наурыздан бері 106 225 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 618 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар  пневмонияға 27 200 адам шалдығып, 310 науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0